Бөгде планеталықтардан "құтқарушылар" (видео)

Мюнхендік «Баварияның» президенті Франц Бекенбауэр "бөгде планеталықтардан құтқарушылар" құрамын жасақтап шығарды. Samsung компаниясының жарнамалық акциясында әлемді бөгде планеталықтардан құтқару үшін, футболшылар олармен ойын өткізіп, қалай да жеңуі тиіс...

Әлемнің үздік құрамына мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду, каталондық «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси, «Монаконың» шабуылшысы Радамель Фалькао, мюнхендік «Баварияның» жартылай қорғаушысы Марио Гетце, мадридтік «Реалдың» қақпашысы Икер Касильяс, «Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Уэйн Руни, лондондық «Челсидің» шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Оскар, «Ливерпульдің» жартылай қорғаушысы Виктор Мозес, «Миланның» шабуылшысы Стэфан Эль Шаарави, «Лос-Анджелес Гэлакси» клубының жартылай қорғаушысы Лэндон Донован, «Болтонның» жартылай қорғаушысы Ли Чхон Йон, «Шанхай Телейстің» қорғаушысы У Лей мен питерлік «Зениттің» шабуылшысы Александр Кержаков енген. 

Команданың бас жаттықтырушысы Франц Бекембауэр болса, капитандық құзыр Мессиге табысталған. 

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/EC-zB2aSXXM#t","width":"450","height":"338"});

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: megamedia.uz