Еуропаның белді басылымдарының бірі France Football мадридтік «Реал» командасының шабуылшысы Карим Бенземаны 2012 жылғы Францияның үздік ойыншысы деп таңдады.
24 жасар мадридтік «Реал» мен Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы бұл атақты өзінің спорттық ғұмырында екінші мәрте жеңіп отыр.
Сонымен қатар, басылым Франция біріншілігінің үздік бапкерін де таңдады. 2012 жылғы «үш жолақты» елінің үздік бапкер атағы Рене Жирарға бұйырды.
Ал үздік бестіктің қатарына Карим Бенземадан басқа, Франк Рибери (Бавария), Уго Льорис (Тоттенхэм), Оливье Жиру (Арсенал), Матье Вальбуэна (Марсель) енген.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет:terrikon.com