"Челси" командасының бас бапкері Рафаэль Бенитес уақыт өте келе орнын Хосеп Гвардиола ауыстырған жағдайда разы болатынын мәлім етіпті. Бұл туралы BBC хабарлайды.
"Гвардиоланың бапкерлік мансап жолы таңғалдырарлық. Егер ол "Челсиге" келіп көптеген жүлделерді алып жатса, мен қуана түсетін едім", - деп Бенитес ішкі сөзін жасырмапты.
Естеріңізге сала кетсек, испандық маман қараша айында "ақсүйектерді" жаттықтыруға келген болатын. Бірақ, клуб басшысы Роман Абрамович келісімді алты-жеті айға ғана жасасып, өзі үшін бірінші орында Хосеп Гвардиоланың тұра беретінін айтқан екен.
"Келісімді әу баста-ақ алты-жеті айға жасайтынымды білгем. Сондықтан мен осы кезеңнен соң кететінімді жасырмаймын", - деп Бенитес айта кетіпті.
Бенитес мұнымен қоймай оу баста-ақ "ақсүйектердің" жылы қарсы алмағанын айтқан. Алайда, уақыт өте келе арадағы қарым-қатынасты дұрыс жолға қоюға тырысатындығын жасырмаған.
"Мен, әрине, "Ливерпуль" мен "Челсидің" табынушыларының арасындағы бәсекелестікті білемін. Менің ойымша, уақыт өте келе олар да ойланатын сияқты:"Біз шамадан тыс суық болған жоқпыз ба? Оған бір мүмкіндік беру керек еді ғой", - деп 52 жастағы маман сөз соңында айта кетіпті.
16 желтоқсан күні клубтар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының ақтық финалында "Челси" мен "Коринтианс" командалары кездесетін болады.
сурет:bbc.co.uk
Дайындаған: Фараби Арыстанбек