Белтемірге 18 сағат бойы тартылған фин өрт сөндірушісі рекорд орнатты (видео)

Белтемірге 5050 тартылған фин өрт сөндірушісі Йоонас Мякипелто әлем рекордын орнатты. Рекорд жұмсауға 18 сағатын арнаған ол өзінің жеке рекордын бесінші рет жаңартып отыр.

Әлемдік рекорд Финляндияның Лемпяяля қаласында орнатылды. Ол белтемірге тартылуды 6 ақпан кешкісін бастап, 7 ақпан күні түске таяу аяқтаған. Йоонас Мякипелто белтемірге тартылудың ара-арасында күш-қуат толықтырып, тамақтану үшін әділқазылар бақылауымен аздаған үзілістер жасаған.

Фин өрт сөндірушісінің жеке рекордына көңілі толмапты. Ол 6 000 рет тартылуды мақсат тұтқан екен. Алайда оның бұл мақсатын бағындыруына иығынан алған жарақаты кедергі болған.

Рекорд қаланың ірі сауда орталықтарының бірінде орнатылған. Сондай-ақ онлайн көрсетілім ұйымдастырылған. Ал рекорд орнатылған алаңда төрт адам, және Гиннестің рекордтар кітабының бір өкілі болған.