Англия құрамасының бұрынғы капитаны Дэвид Бекхэм өзінің физикалық күшін қалпында ұстауы үшін "Арсенал" сапында жаттығатын болады.
Айта кетсек, өткен айда 37 жастағы жартылай қорғаушы "ЛА Гэлексимен" қош айтысқан еді. Қазір, атақты футболшы өзіне жаңа клуб іздестіруде.
"Вест Хэм" мен КПР-дің ұсынысынан бас тартқан Бекхэм бүгіннен бастап Арсен Венгердің командасы құрамында жаттығуға кірісіп кетті.
The Sun-ның хабарлауынша, "Арсеналдың" Дэвидке келісім-шарт ұсынуы да әбден мүмкін. Бірақ, Бекхэм Арсен Венгерге бұрынғыдай жоғары деңгейде өнер көрсете алатынын дәлелдеуі қажет.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: arsenallondon.ucoz.ru