- Негізгі бет
- Бұл қызық
- "Бавария" ең қымбат...
"Бавария" ең қымбат футбол брендтері рейтингісінде көш бастады
Мюнхендік «Бавария» бренді ағылшындық «Манчестер Юнайтедті» бірінші орыннан ығыстырып, футбол әлеміндегі ең қымбат бренд ретінде танылды, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс" Brand Finance консалтингілік компаниясына сілтеме жасай отырып.
Қазір «қызыл сойқандар» бренді 837 миллион долларға бағаланып отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 2 пайызға төмен. Өз кезегінде, «Бавария» Чемпиондар Лигасын жеңген соң, 9 пайызға қымбаттаған, нәтижесінде брендтің құны 860 миллион долларды құрады.
Осы өзгерістерге қарамастан, ағылшын клубтары әлі де әлемнің ең қымбат брендтері тізімінде көшбасшы саналады. Рейтингтің үздік сегіздігіне ағылшын Премьер-Лигасының бірден 5 клубы енген. Олар: «Манчестер Юнайтедтен» (2), «Челси» (5), «Арсенал» (6), «Ливерпуль» (7) және «Манчестер Сити» (8) командалары.
Айта кетсек, соңғы жылда ең жоғары көрсеткішке ие болған клуб – француздық ПСЖ болып саналады. Ол өз құнына 34 пайыз қосқан және қазіргі таңда рейтингтің 24-орнында жайғасқан.
Футбол брендтерінің рейтингісі:
1. "Бавария" - 860 миллион доллар,
2. "Манчестер Юнайтед" - 837,
3. "Реал" - 621,
4. "Барселона" - 572,
5. "Челси" - 418,
6. "Арсенал" - 410,
7. "Ливерпуль" - 361,
8. "Манчестер Сити" - 332,
9 "Милан" - 263,
10. "Боруссия" - 260,
11. "Шальке-04" - 259.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: top20.org.ua
Ж. FM