Бауыржан Исламхан ресми түрде «Кубаньға» ауысты

Бауыржан Исламхан ресми түрде «Кубаньға» ауысты

Қазақстан жастар құрамасы мен «Тараз» футбол командасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан ресми түрде «Кубань» командасына ауысты. Келісім-шарт мерзімі үш жылға жасалған. Бұл туралы красноярлық команданың ресми сайты хабарлайды.

«Жас әрі талантты ойыншыларды командаға тарту біздің басты мақсатымыз. Бауыржан Исламхан Қазақстанның ең талантты ойыншыларының бірі. Ол Достастық Кубогінде өзін тамаша көрсете білді. Біз бұл футболшыны Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарына шақырдық. Бар болғаны бір аптаның ішінде Бауыржанмен келісім-шарт жасасқанды жөн көрдік», - дейді «Кубань» командасының атқарушы директоры Сергей Дороченко.

Айта кетейік, Бауыржан өзінің спорттық жолын 18 жасында «Тараз» командасының сапында бастаған. Екі маусымның ішінде жамбылдық команда сапында бұл ойыншы 49 кездесуге қатысып, 6 мәрте нәтижелі соққымен көзге түскен. Ал 2012 жылы жартылай қорғаушы алдымен футболдан Қазақстан жастар құрамының сапында, кейін Ұлттық құрама сапында алаңға шыққан. 

 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет:sportinfo.kz

Ю. НИКУЛЛИН