Красноярлық «Кубань» командасының қазақстандық ойыншысы Бауыржан Исламхан жарты жыл көлемінде «Астана» клубында өнер көрсететін болады. Бұл туралы vesti.kz спорт порталы хабарлайды.
«Астана» командасының бас бапкері Мирослав Беранек Бауыржан Исламханның өз командасына ауысуын басшылардан сұраған болатын. Сондықтан біз красноярлық командамен тез арада келісімшарт жүргіздік. Абырой болғанда, ресейлік команданың басшыларды да бізге Исламханды жалға беруге бірден-ақ келісті», - дейді Бауыржан Исламханның елге оралуына байланысты «Астана» клубының бас хатшысы Дмитрий Нестеренко.
20 жасар Бауыржан Исламхан Қазақстан жастар құрамасының негізгі ойыншысы және капитаны болып саналады. Сондай-ақ ол бірнеше мәрте Қазақстан Ұлттық құрамасына да шақырту алған. Жамбыл футбол мектебінің түлегі Ресейге кетер алдында «Тараздың» намысын қорғап, бұл командада капитандық міндетті атқарған.
Ал 2013 жылдың басында Исламхан «Кубань» командасымен 3 жылдық келісімшарт жасасқан болатын. Бауыржанның Красноярға қоныс аударуына Кубаньның сол кездегі бас бапкері Леонид Кучуктің өзі араласқан еді. Дегенмен, енді бұл маман Кубаньді жаттықтырмайды. Ал командаға жаңадан келген румын маманы Доринел Мунтянудың жоспарында Бауыржан Исламханға орын жоқ екен. Сондықтан да Бауыржан «Астана» командасына келген-міс.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: vesti.kz