«Барыс» пен «Медвешчак» хоккейшілерінің төбелесі (видео)

Түнде өткен «Медвешчак» пен «Барыс» арасындағы ойында хоккейшілер жиі қақтығысты. Мұз айдында ойыншылар бірнеше рет жаға ұстасып, соңы жаппай төбелеспен аяқталды.

Қазақстандық клубтың тафгайы Дамир Рыспаев 44 айып минутын өткізіп, құрлықтық хоккей лигасындағы рекордты жаңартудың аз алдында қалды. Бұл рекорд - осыған дейін 52 айып минутында отырған «Витьяз» ойыншысы Дарси Вероға тиесілі.

Айта кетейік, ойында «Барыс» қарсыластарына 3:0 есебімен есе жіберді. Ал клуб тізгінін жақында ғана қайта қолына алған Андрей Назаров ойын соңындағы баспасөз мәслихатына қатысқан жоқ.