«Барыс» Астанада «Северстальды» ұтты

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын Астананың «Барыс» хоккей клубы маусымдағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Команда өз мұз айдынында «Северстальды» 2:1 есебімен ұтты.

«Барыс-Аренада» өткен ойындағы есеп 13 минутта ашылды. Елордалық клубтың шабуылшысы Евгений Рымарев командасын алға шығарды. Екінші кезең соңына қарай «Барыс» сапынан Брэндон Боченский екінші шайбаны соқты. Ал ойынның аяқталуына санаулы секундтар қалғанда «Северсталь» ойыншысы Уилсон Клэй есепті қысқартты.

Қазақстандық клуб келесі ойынын 20 қыркүйек күні Мәскеудің «ЦСКА» клубына қарсы өткізеді.