Бартон Ағылшын премьер лигасында антирекорд орнатты

«Куинз Парк Рейнджерс» футбол командасының капитаны Джои Бартон ағылшын премьер лигасындағы қатарынан жеті сары түсті қағаз алған алғашқы ойыншы атанды. Бартонға дейін сары қағазбен жазалану бойынша «Астон Вилла» командасының ойыншысы Киран Кларк пен «Ньюкасл Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Шейк Тиоте көш басында тұрған болатын. Бұл екі ойыншы қатарынан алты ойында сары қағазбен жазаланған екен.

32 жастағы жартылай қорғаушы өзінің жетінші сары қағазын «Сандерленд» командасына қарсы ойынның 78- минутында алған.   

Сурет: sport-xl.org

Оқи отырыңыз:

Балотелли: Менің жымиғаным - маған сенгендерге арналады

«Астон Вилланың» жас жанкүйері Моуриньюға хат жолдады

Жоғалған «Манчестер Юнайтед» немесе Мюнхен трагедиясы