Каталондық «Барселона» дәрігерлерінің өз шабуылшысының физикалық формасына көңілдері толар емес.
Испан баспасөздерінің ақпаратына сенер болсақ, клуб дәрігерлері Неймардың жасөспірімдік дене бітімі осы бір түйіспелі спорт түрінде жиі жарақат алуға бірден-бір себепші болуы мүмкін деп мазасыздануда.
«Мен оны алғаш көргенімнен-ақ,оның кемінде 3 келі салмақ жинау керектігін түсіндім. Қазір Неймардың салмағы бар-жоғы 64 келі ғана және әр жаттығу сайын салмақ жоғалтуда», - дейді команданың бас дәрігері.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: realmadrid.kz