Каталондық «Барселона» 2015/2016 жылғы маусымға арналған жаңа үлгідегі жейделерін ресми түрде таныстырды. 115 жылдық тарихы бар клуб алғаш рет жейделерінің дизайнын өзгертіп отыр.
«Барселона» клубының «Nike» компаниясы ұсынған жаңа футбол жейделерінде дәстүрлі түрде тігінен орналасып келген сызықтар көлденеңінен бейнеленген. Ал сырт алаңда өткізетін ойынында киетін жейделері Каталонияның Туымен түстес етіп жасалған. Артқы бөлігіне тігінен 4 қызыл сызық жүргізілген.
Айта кетейік, Луис Энрике жаттықтыратын клуб 6 маусым күні туриндік «Ювентуспен» Чемпиондар лигасының финалында кездесетін болады. Ал оған дейін, нақтырақ айтсақ 31 мамырда бильбаолық «Атлетикпен» Испания кубогын сарапқа салады.