"Барса" Мессиден құтылмақ болыпты

Каталониялық «Барселона» клубының президенті Сандро Россель соңғы кезде испан баспасөздерін шулатқан мақаланың қаһарманы атанды.  

Дәлірек айтсақ, жақында AS газетінде бір кездері «Барселона» басшылығының төрт дүркін «алтын доп» иегері аргентиналық Лионель Мессиден құтылғысы келгендігі жөнінде жазылған материал жарық көрді. Әңгіме 2003 жылы Россель клуб шығынын азайтуға бағытталған шаралар қабылдау кезінде орын алған оқиға төңірегінде болған.

Сол кездері каталониялық клуб басшылығы жастар командасының штатын қысқартуды ойластырып, Жерард Пике мен Сеск Фабрегаспен қоштасуды ұйғарған. Бір қызығы бұл қауіп Мессидің де басына төнген екен. Алайда осы сәтте футболшыға оның бапкерлері Пепе Коломер мен Гильермо Хойос ара түсіп, ақыры басшыларды оның клуб қатарында қалуына көндірген. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gazeta.ru