Испандық Marca басылымы каталондық "Барселонаның" жанкүйерлерлері арасында сауалнама жүргізіп көрген. Клуб жанкүйерлерлерінің пейіл-ықыласы ауысып келуі мүмкін ойыншыларға бағытталыпты.
Сауалнама бағана күзетшісі және қорғаныс шебі төңірегінде өткен.
Жанкүйерлердің көпшілігі қақпада менхенгладбахтық «Боруссияның» қақпашысы Марк-Андре тер Штегеннің тұрғанын қолайлы көреді екен. Жастығына қарамай біліктілігімен танылып жүрген қақпашы жанкүйерлердің 34,5 пайыз дауысын жинаған. Тізімнің екінші сатысында «Манчестер Юнайтедтің» ойыншысы Давид Де Хеа тұрса (32.3 %), үшінші сатысына «Ливерпуль» қақпашысы Пепе Рейна жайғасыпты (17.8 %).
Қорғаныс шебі ойыншыларына болған сауалнамада дортмундық «Боруссияның» орталық қорғаушысы Матс Хуммельс (39 %) бірінші орынды иеленген. "ПСЖ" ойыншысы Тиаго Силва екінші сатыдан (34.2 %) көрініпті. Өз кезегінде үшінші орын лондондық «Челсидің» тас қамал қорғаушысы Давид Луиске бұйырған (18.2 %).
Сурет: NEWS.am Sport
Дайындаған: Фараби Арыстанбек