Италия құрама командасының форварды Марио Балотелли жарақатына байланысты Конфедерация Кубогының қалған матчтарына қатыса алмайтын болды, деп хабарлайды "Р-Спорт". Біз осыған дейін Балотеллидің жарақатына байланысты жартылай финалдық матчқа қатыса алмайтынын айтқан болатынбыз.
Сонымен "Милан" футболшысы жарақатынан емделу үшін отанына уақытынан бұрын қайтуға мәжбүр. Жексенбі күні ол толық медициналық тексерістен өткен еді. Нәтижесінде белгілі болғаны - Марионың сол аяғынының бұлшықеттері тегістей жыртылып кеткен екен. Осылайша ол испандықтарға қарсы жартылай финалға қатысы алмайтыны белгілі болды.
Ол аздай Балотелли егер команда финалға шығып жатса немесе ұтылған күннің өзінде қола медаль үшін болатын матчта командасына көмектесе алмайтыны белгілі болып отыр. Бұл туралы команданың бас дәрігері хабарлады: "Бүгін таңертең біз бірнеше тест жасадық, белгілі болғаны ойыншы алдағы бірнеше аптаға алаңнан шеттетіледі. Сондықтан біз оның денсаулығымен тәуекелге барғымыз келмейді. Команда бапкерімен ақылдаса келе, одан соң біз "Милан" клубының медициналық құрамымен ойыншыны Италияға аттандырып, тезірек жарақатын қалпына келтіруге келістік".
Марио Балотеллидің Давид Лиуспен допқа таласу кезінде жарақат алып қалған сәті
Айта кету керек, 22 жасар Италия құрамасы мен "Милан" клубының "атышулы" футболшысы топтық кезеңнің ойындары кезінде Бразилияға қарсы матчта (2:4) жарақат алып қалған болатын. Ол турнирде осыған дейін 3 матчқа қатысып, екі доппен көзге түсіп үлгерді.
Естеріңізге сала кетейік, Конфедерация Кубогының Испания мен Италия арасындағы жартылай финалдық матчы 27-маусымда Форталезеде (Бразилия) "Кастелан" аренада өтпек.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: sovsport.ru