Time журналының нұсқасы бойынша, италиялық "Милан" командасының шабуылшысы Марио Балотелли әлемнің ең белді адамдарының қатарына кірген.
«Россонерилер» сапындағы 22 жастағы шабуылшы әлемдік шоу-бизнестің жарқын өкілдері саналатын Бейонсе мен Джастин Тимберлейк секілді өнер жұлдыздарымен бір қатарда тұр.
Джанфранко Дзола, Италия құрамасының бұрынғы ойыншысы:
"Марионың бойында танымал ойыншы болуға жетерлік барлық қасиет бар: мықтылық, жеңілдік, ойындағы түсіністік. Жастар құрамасына жатттықтырушы болып жүрген аралықта Мариомен біршама істес болғаным бар. Ол маған бірден ұнаған. Өз-өзін қалай ұстайтыны, кез келген сәттегі салқындылығы жақсы әсер қалдырып еді. Марио айналысында болып жатқан келеңсіздіктерге мән бере бермейтін. Ұлы ойыншылар ғана дәл осындай қасиетке ие".
Дзоланың сол қатарда бір айтқысы келгені, "Милан" клубының сұрмергеніне өз эмоциясын басқарып үйренуі керек екен.
"Марио үлкен ойындарда ойнай алады және шешуші сәттерді құр жібермейді. Бірақ, оған өз эмоциясын басқара білу маңызды. Бұл оған өмірлік маңызды нәрсе. Бейтаныс адамдар оның бұл қылығына қарап, әумесер деп қалуы мүмкін. Шын мәнінде олай емес. Марио – керемет жігіт. Өте қарапайым әрі әзіл-қалжыңға жақын",- дейді.
Балотелли өзінің атақты дау-жанжалдарымен танымал: талантты бола тұра, «Интер» мен «Манчестер Сити» командаларында өзін жақсы жағынан көрсете алмады. Жозе Моуринью мен Роберто Манчини секілді бапкерлермен жиі-жиі қақтығысқа түскен болатын.
Қысқы ауысымда италиялық клубтың сапына ауысып, команда ойынына сәтті араласып кете алған-ды.
Қазіргі таңда Балотеллидің жалғыз өрлеу шыңы – 2012 жылғы Еуропа чемпионаты болып саналады. Онда ол ойынның бас командасы саналған немістерге жауапсыз екі гол соғып, өз командасын финалға алып шықққан тұғын.
Естеріңізге сала отырсақ, "Супер Марио" атанып үлгерген қара жігіт адамзат тарихында мәңгі есте қалу үшін өзіне арнап бар-жоғы 22 жасында ескерткіш орнатпаққа бекінген-ді. Ол үшін "Милан" футболшысы жергілікті суретшілердің біріне өтініш жасап, ескерткіште бүкіл бойы қамтылуын және қоладан құйылуын, композициялық түзілімінде Еуропа чемпионатының жартылай финалында Германия құрамасына соққан екінші гол сәтіндегі тойлау қуанышы көрініс табу керектігін айтыпты. Және ескерткіштің көшірмесі Брешиядағы өз үйінің алдына қойылмақшы.
сурет:eurosport.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек