Балмұздақ қашан пайда болды?

Балмұздақты барлығы жақсы көреді, әсіресе, балалар. Бірақ оның қашан пайда болғанын көп адам біле бермейді. 

• Балмұздақ 4000 жыл бұрын пайда болған. Біздің заманымызға дейін 2000 жыл бұрын Қытайдағы бай әулеттер дастарханға қар немесе мұз араласқан жеміс шырынын қойған. Оны дайындау және сақтау рецепті қатаң құпия сақталған. Тек біздің дәуірімізге дейінгі XI ғасырда ғана "Ши Цзин" кітабында оның неден жасалатыны жазылған.

• Ескендір Зұлқарнайын заманында да "қар қосылған жеміс" жеген. Қарды ерітпей таудан жеткізу үшін арнайы дайындалған жүйрік аттарды пайдаланған.

• Аңыз бойынша 1295 жылы Марко Поло Шығысқа сапарынан балмұздақ жасаудың рецептін әкелген. Содан бері бұл салқын десерт дастарханның көркіне айналды. Уақыт өте келе ол алдымен Италия және Франция корольдерінің сарайларында, содан кейін бүкіл әлемге тарады.

• Балмұздақтың алғашқы рецепті 1718 жылы Лондонда жарияланған Мэри Эйлес ханымның рецептілер жинағында пайда болды.

• 1843 жылы ағылшын ханымы Нэнси Джонсон балмұздақ өнертабысының патентін алды. Бірақ оның жаңа құрал-жабдықтар шығаруға ақшасы болмай, патентті Джейкоб Фассельге сатуға мәжбүр болды. Фассель 1851 жылы Балтиморда алғашқы балмұздақ зауытын салды. Содан бері 170 жылдан астам уақыт бойы балмұздақ жасау әдісін жетілдіру бір минутқа да тоқтаған жоқ.

• Медицина атасы Гиппократ науқастарға мұздатылған жеміс шырыны мен сиропты көңіл-күйді көтеретін және сергітетін өнім ретінде ұсынған.

• Гете балмұздақты бала кезінен жақсы көрген. Бір күні анасының оны ұнатпай, бір тәрелке толы балмұздақты лақтырып жібергенін қынжыла еске алады. Ол кезде балмұздақ қымбат әрі танымал өнім еді.