- Негізгі бет
- Бұл қызық
- «Аугсбург» қақпашысы алаңды...
«Аугсбург» қақпашысы алаңды таптағаны үшін айыпталды (видео)
Германияның «Кельн» клубы «Аугсбург» қақпашысы Марвин Хитцты алаңды әдейі таптағаны үшін айыптап отыр. Кельндік клуб жеке мүлікке нұқсан келтірді деген айыппен 122,92 евро төлеуді талап етуде.
«Кельн» мен «Аугсбург» клубтары Германия бундеслигасының ХV турында кездесті. 58 минутта ойынның бас төрешісі Даниэль Зиберт қонақтар қақпасына пенальти белгілеген. Төреші шешімімен келіспеген Марвин Хитц 11 метрлік айып добын белгілейтін алаңды аяғымен таптап, қарсыластың тебуіне кедергі келтіруге тырысқан. Қақпашының бұл қулығы жүзеге асып, пенальтиді орындаған Антони Модест тайып құлаған. Нәтижесінде «Аугсбург» алаң иелерін бір доп басымдығымен жеңді. Ойын соңынан Марвин Хитцтың алаңдағы «қылығы» жергілікті клуб жанкүйерлерінің ашу-ызасын тудырған болатын.
Айта кетейік, Марвин Хитц алғаш рет БАҚ назарына ілігіп отырған жоқ. Ақпан айында «Байер» қақпасына соңғы минутта гол соғып, командасын жеңілістен құтқарып қалған еді.
О. Сансызбай