Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) 2014 жылғы «Үлкен дулыға» санатындағы жарыстардың ең үздік кездесулерін анықтады. Тартысқа толы алдыңғы орындағы екі ойын әлемнің нөмірі бірінші ракеткасы Новак Джокович қатысуымен өткен.
АТР қорытындысы бойынша жылдың ең үздік ойыны ретінде «Уимблдон» турнирінің финалындағы Новак Джокович пен Роджер Федерер ойыны таңдалған. 5 сетке созылған сол кездесуде 6:7 (7), 6:4, 7:6 (4), 5:7, 6:4 есебімен серб спортшысы жеңіске жеткен еді.
«Үлкен дулыға» санатындағы ең үздік кездесудің екінші орынындағы кездесуге де Новак Джокович еніп отыр. Бірақ серб теннисшісі бұл ойынында есе жіберген. Аустралия ашық чемпионатының ширек финалында швейцариялық Станислас Вавринкадан 2:6, 6:4, 6:2, 3:6, 9:7 есебімен ұтылған болатын.
«Үлкен дулыға» санатындағы жылдың үздік бес кездесуі:
1. «Wimbledon», финал. Новак Джокович (Сербия) – Роджер Федерер (Швейцария) - 6:7 (7), 6:4, 7:6 (4), 5:7, 6:4.
2. «Australian Open», 1/4 финал. Станислас Вавринка – Новак Джокович – 2:6, 6:4, 6:2, 3:6, 9:7.
3. «US Open», 1/4 финал. Кеи Нисикори (Жапония) – Станислас Вавринка (Швейцария) – 3:6, 7:5, 7:6, 6:7, 6:4.
4. «US Open», 1/4 финал. Роджер Федерер (Швейцария) – Гаэль Монфис (Франция) – 4:6, 3:6, 6:4, 7:5, 6:2.
5. «Roland garros», үшінші айналым. Энди Маррей (Ұлыбритания) – Филипп Кольшрайбер (Германия) – 3:6, 6:3, 6:3, 4:6, 12:10.
Сурет: ax-sport.info