2013 жылы Мәскеудегі атақты "Лужники" стадионы қиратылып, орнына су жаңа стадион салынуы мүмкін, деп хабарлайды ресейлік БАҚ.
Бұл ақпаратты Ресей спорт министрі Виталий Мутко таратты. Жаңа стадион 2013 жылы жеңіл атлетикадан әлем біріншілігі өткен соң салынады екен. Мутконың айтуынша, стадион бұрынғыдай қала меншігі болып қала бермек. Жаңа стадион 2018 жылы Реейде өтетін әлем біріншілігі аясында салынатын көрінеді.
Болашақта "Лужники" стадионының орнына салынатын спорт ғимаратында футболдан әлем біріншілігінің ашылуы мен финалдық ойын өткізу жоспарланып отыр.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: sport-xl.net