Бирмингемдік «Астон Вилла» командасының 6 жасар жанкүйері Джуд Брэнсон лондондық «Челси» командасының бас бапкері Жозе Моуриньюға хат жолдады. Ол өз хатында сүйікті командасының ойыны құлдырап бара жатқанын айтып шағынған.
- Құрметті Моуринью мырза! Менің есімім – Джуд. Алты жастамын, және «Астон Вилла» командасына жанкүйерлік танытамын. Ал сіз мен үшін ең үздік бапкерсіз. Сіз менің сүйікті командамды жаттықтыруға келе аласыз ба? Өзіңізбен қоса Диего Костаны да ала келіңізші?... «Астон Вилла» қазіргі уақытта ауыр күндерін басынан кешіруде. Біздің командаға көмек керек. Рақмет. Құрметпен Джуд Брэнсон» - деген жанкүйер хатта.
Айта кетейік, ағылшын премьер-лигасында көш бастап келе жатқан «Челси» бүгін «Астон Виллада» қонақта болады. Ойын Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады.
Сурет: sport-xl.org
Оқи отырыңыз
Испания футболындағы қақтығыстар мен төбелестер (видео)
Әлемдегі ең бай футбол клубтарын білесіз бе?
Арда Тұран ашуын жеңе алмады (видео)
Катар елі әлем чемпионаты кезінде алкогольді ішімдіктер сататын болды