Елордалық "Астана" командасы жаңа маусымға арналған жаңа жейделерін таныстырды. 2013 жылға арналған үш жейденің де өзіндік ерекшеліктері бар.
Сары-көк пен ақ-көк жейдемен өз алаңдарында өнер көрсетсе (қонақтардың жейделеріне байланысты екеуінің бірі), өз кезегінде ақ-қара жейдемен қонақта ойнайтын болады.
Клуб президенті Азамат Айтхожиннің айтуы бойынша, командасы қай жейдемен болсын өнер көрсетпесін, тіпті, мадридтік "Реал" командасы болсын, жеңіске жетуде еш рөл ойнамайтын көрінеді.
"Көк, сары және ақ түстерді сол баяғынша қалдырдық. Осы жылы кішкене болса да өзгеріс енгізгіміз келді. Біздің елден ерекше жейдеміздің түсі қара-ақ болды. Менің ойымша, болашақ чемпиондардың түстері осындай болуы тиіс", -дейді клуб директоры.
Естеріңізге сала отырсақ, 15 наурыз күні ішкі біріншіліктің екінші тур ойындары өтеді. "Астана" командасы өз алаңында алматылық "Қайрат" командасын қабылдамақ.
Жейденің ерекшелігіне келсек, сонау тоқсаныншы жылдардағы ішкі біріншілікті еске түсіреді...
сурет:vesti.kz
Дайындаған: Фараби Арыстанбек