Бүгін Швейцарияда Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті. Елордалық "Астананың" үшінші кезеңде қарсыласы атануы мүмкін команда анықталды.
Егер "Астана" командасы 18 шілде күні «Спартак» клубына қарсы өтетін жауап ойынында жеңіске жетсе, "Мариехамн" (Финляндия) – "Легия" (Польша) клубтарының жеңімпазымен ойнайды. Қос команда арасындағы бірінші ойында польшалық клуб 3:0 есебімен жеңіске жеткен.
Ал «Астана» командасы сырт алаңдағы бірінші ойында "Спартакты" 1:0 есебімен ұтқан еді. Қарымта 19 шілдеде өтеді.