Бүгін кеште футболдан Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңі басталады. Жарыс жолын жалғастырып келе жатқан "Астана" Мальтаның "Валлетта" клубына қарсы ойын өткізеді.
Екі команда арасындағы ойында елордалық команда айқын фаворит саналуда. Оған себеп те бар. Команда ойыншыларының құны да сәйкес келмейді. Бір Марин Томасовтың өзі бір командадан қымбат.
Қазақстандық клуб ойыншыларының жалпы құны 24,83 миллион еуроға тең. "Астана" сапындағы ең қымбат ойыншылардың бірі – Марин Томасов. Оның трансферлік құны 3,5 миллион еуро шамасында. Дмитрий Шомко, Роман Муртазаев пен Фирмин Мубеленің әрқайсысы 2,5 миллион еуродан. Ал "Валлетта" командасының бар ойыншысы жиналғанда, құны 3,3 миллион еуроға тең болады.
Мальта елінен келген команда сапындағы ең қымбат ойыншы – Марио Фонтанелла. Оның трансферлік құны 300 мың еуроны құрайды. Одан кейінгі орындарда Кевин Тулимьери (250 мың) мен Анри Бонелло (225 мың) тұр.
"Астана" мен "Валлетта" арасындағы бірінші ойын бүгін кеште Нұр-Сұлтандағы "Астана Аренада" өтеді. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады.