Астана УЕФА Конгресін қабылдайтын болды

Астана УЕФА Конгресін қабылдайтын болды

Еуропа футбол ассоциациясы кеңесі атқарушы комитетінің кезекті отырысында тарихи шешім қабылданды. Дәлірек айтсақ, 37-УЕФА Конгресі 2014 жылы наурыз айында Астанада өтетін болды, деп хабарлайды Қазақстанның футбол Федерациясына сілтеме жасаған Vesti.kz тілшісі.  

УЕФА Конгресі жыл сайын өтетін Еуропа футбол ассоциациясының жоғары басқарушы органы болып табылады. Дәстүр бойынша, УЕФА Конгресін ұйымдастырушы елдің басшылығы ашатын болады. Конгресс құзырына УЕФА президенті мен атқарушы комитет мүшелерін сайлау құқы кіреді. Сондай-ақ Конгресс барысында Еуропа футболының дамуы, қаржылық жағдайы, ұйымдастырылу мәселелері қозғалатын болады. 

Айта кетейік, Қазақстан ТМД елдері арасынан УЕФА Конгресін өткізу құқығын алып отырған тұңғыш мемлекет. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: football.ya1.ru

Б. Қосмағамбет