- Негізгі бет
- Бұл қызық
- "Астана" Чемпиондар лигасында...
"Астана" Чемпиондар лигасында қанша табысқа кенелді?
"Астана" футбол клубы биылғы маусымдағы Чемпиондар лигасын аяқтады. Үшінші іріктеу кезеңіне дейін жетіп, плей-офф кезеңіне шыға алмады.
Елордалық команда бірінші іріктеу кезеңінде Черногорияның "Сутьеска" командасымен кездесті. Екі ойында да 1:0 және 2:0 есебімен жеңіске жетті. Екінші іріктеу кезеңінде Дания чемпиондарын жарыс жолынан шығарды. "Мидтьюлландты" "Астана Аренада" 2:1 есебімен ұтып, түзде 0:0 есебімен тең ойнады.
Үшінші іріктеу кезеңінде Загребтің "Динамосы" қарсылас атанды. "Астана" екі ойында да (0:2, 1:0) қарсыластарына есе жіберді.
Қазақстандық клуб Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіне қатысқаны үшін 280 000 еуро алады. Екінші іріктеу үшін - 380 000, үшінші іріктеуде бақ сынағаны үшін тағы 480 000 еуро алады. Сондай-ақ Қазақстан чемпионы атанып, дей тұрғанмен топтық кезеңге шыға алмағаны үшін қосымша 260 000 еуро сыйақы қарастырылған.
Есептей келгенде "Астана" осы маусымда Чемпиондар лигасында 1,4 миллион еуро табысқа кенелді. Одан өзге іріктеуге қатысқан командаларға 107,5 миллион еуро қосымша таратылатын болады.
"Астана" еурокубоктағы жорығын Еуропа лигасында жалғастырады. Топтық кезеңге өтіп жатса, кем дегенде 2,62 миллион еуроға қаржысын молайтады. Ұтылған жағдайда 300 000 еуро алады.
Айта кетейік, елордалық клуб Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде Кипрдің АПОЭЛ және Израильдың "Хапоэль Беэр Шева" командалары арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі. Екі команда арасындағы алғашқы ойын 2:2 есебімен аяқталған. Қарымта кездесу ертең өтеді.
О. Сансызбай