Жақын арада "Астана" футбол клубы өз бапкерін ауыстыруы мүмкін. Яғни клуб басшылығы қазіргі Мирослав Беранектің орнына жаңа бапкер іздейді.
Беранек клуб тізгінін ұстаумен қатар, ұлттық құраманы да баптайтыны белгілі. Сондықтан "Астана" чех маманымен келісім-шартты бұзуды шешкен екен. Мирослав Беранек "Астана" футбол клубына биыл ғана келіп, ел кубогына ие болды. Бірақ клуб ұлттық біріншілікте жақсы ойын көрсете алмады.
Клуб басшылығы хабарлағандай, жаңа бапкер шетелден шақырылатын болады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: prosportkz.kz