Исландиялық футболшы Эйдур Сигурбьорнссон ашумен қақпа маңдайшасын басымен соқты. Бұл туралы inform.kz сайты Eurosport агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
"Эребру" командасының 25 жастағы қорғаушысының бұл әрекетіне Швеция чемпионатындағы "Сундсвалльға" қарсы матчта гол жіберіп алғаны себеп болған. Бұл кездесуде бұлардың құрамасы 1:3 есебімен жеңілді.
"Эребру" 4 турда бір ұпай ғана жиып, турнир кестесінің соңына сырғыды.
сурет: eurosport.com