- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Әртүрлі спортшылардың дене...
Әртүрлі спортшылардың дене сымбаты
Адамның мінсіз дене сымбаты ұғымы көне Грекияда ерекше назарда болған. Десек те, мінсіз сұлулық я мінсіз сымбат уақыт өте келе өзгеріп отырған.
Ендігі кезекте әртүрлі спорт өкілдерінің дене сымбатына шолу жасайық.
Говард Шац (Howard Schatz’s) есімді фотограф спортшылардың дене сымбатының әрқандай екенін дәлелдеп, фотолар тізбегін жасап шыққан.
Бұлшық еті ойнаған атлеттер, желаяқ марафоншылар, ұзындыққа секіретін спортшылар, ауыр салмақтағы спортшылар. Бұлардың дене бітімі біз "спортшы" деп танитындай емес. Себебі әрқандай спорт түріне тиісінше табиғи дарын мен еп, одан басқа, дене тұрпаты керек.
Егер осы аталған спортшыларды бірге қойып, салыстырар болсаңыз, олардың айырмашылығы жер мен көктей екеніне көз жеткізесіз.
Мәселен, міне: бодибилдинг, ауыр атлетикажәне ритмикалық гимнастика.
Ескерте кетейік, бұл көрсетілген спортшылар өзінің спорт түрінде біршама жетістікке жеткен, былайша айтқанда, өз спорт түрінде жоғары деңгейде.
Суреттердегі спорттық келбеттер генетика мен көп жылдық тәжірибенің арқасында осындай күйге түскен.
Солдан оңға қарай: екі марафоншы, декатлон, марафоншы, жүгіру.
Дискобол, балға лақтыру, найза лақтыру, ядро лақтыру – әйелдер мен ерлер.
Бокс, баскетбол, гольф, бейсбол, гандбол (қол добы).
Жағажай волейболы, футбол, Стол теннисі, баскетбол, бокс.
Футбол, суда жүзу, велоспорт, баскетбол.
Көркем гимнастика, спорттық аэробика, гимнастика, гимнастика, биіктікке секіру, гимнастика.
Шаңғы тебу спорты, мәнерлер сырғанау, хоккей, су добы, су добы – әйелдер.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: bigpicture.ru
А. Құлтай