«Арсенал» клубы «Ливерпуль» шабуылшысы Луис Суареске 30 миллион фунт ұсынды, бірақ ұсыныс қабылданбады, дейді Daily Telegraph.
Басылымның хабарлауынша, екі клуб арасындағы байланыс өткен аптада болған.
Ақпарат көзіне сенер болсақ, «Ливерпуль» 26 жастағы уругвайлық ойыншыны өз командасы сапында ұстап қалуға ниетті және тек 40 миллион фунт шамасындағы қаражатқа қана клубты Суаресті сатуға ойландыруы мүмкін.
Айта кетсек, Луис қазір Конфедерация Кубогінен соң демалуда және «Ливерпуль» сапына ай соңында қосылады. Бұдан бұрын Суарес Англиядан кету жайлы ниет білдірген болатын.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: sport-xl.net