- Негізгі бет
- Бұл қызық
- "Арсенал" ойыншылары самурай рөлінде
"Арсенал" ойыншылары самурай рөлінде
Лондондық "Арсенал" клубы Жапония елінде жаңа маусымға дайындықтарын пысықтауда. Азияның жігіттерімен жолдастық кездесу өткізуден өзге, жергілікті дәстүрге мойын бұрып, сейіл құруда.
Команда ойыншылары видеоролик түсіріліміне атсалысқан. Лукас Подольски мен Пер Мертезакер жапон самурайының рөлін сомдауға тырысқан болса, сол уақытта Бакари Санья мен Микель Артета суши тағамын дайындауға пейіл бұрыпты.
Қоса отырсақ:
Арсеннің Англиядағы құпиясы...
Ал сол уақытта аталған клубтың жаттықтырушысы Арсен Венгердің бапкерлік білігі жайында лондондық "Челсидің" бапкері Жозе Моуринью ("Челсиді" 2004-2007 жылдары жаттықтырған) сөз қозғаған.
Оның айтуынша, екеуі бірге тамақтанып тұрған кездер болыпты. Және аталған азаматты қатты құрметтейтінін және оны үлкен мәдениеттің иесі ретінде танитындығын, соңғы рет бірге тамақтанғанда Англияда ұзақ жетістікке жете берудің бар құпиясын сұрағанын айта кеткен...
сурет: sport.news.am
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига