Арнольдтің құйтырқы әрекеті

1970 жылы бодибилдерлер арасында арасында өткен Мистер Олимпия жарысы туралы көпшілігі біледі. Себебі, ол жарыста қазіргі таңдағы әлемге танымал актер Арнольд Шварценеггер жеңімпаз болған. Нью-Йорк қаласында өткен турнирдің финалында Серджио Оливамен қатар өнер көрсеткен Арнольд бақай қулық әрекет жасаған екен. Сахнада тұрған қос спортшы қазылар алдында бар өнерін салуға ниеттенген. Алайда, Арнольд өзіне бәсекелес тұрған Серджионың құлағына сыбырлағаннан кейін, Олива сахнадан кетіп қалады. Соңында Шварценеггер жеңімпаз атанып Мистер Олимпия жеңімпазы болады. Кейіннен белгілі болғандай, сол жарыста Арнольд қарсыласына: "Біз екеуміз де тең дәрежедеміз. Сондықтан қазір сахнадан кетуіміз керек" деген екен.