"Ювентус" командасының жаттықтырушысы Антонио Конте Италияның 2011/2012 маусымындағы ең үздік бапкері боп танылып, "Алтын орындық" сыйлығын иеленді.
Өткен маусымда Конте бапкер "Ювентус" командасына 2003 жылдан бері қол жетпей келе жатқан алғашқы жеңісті сыйлаған болатын.
"Қатты қуанып отырмын. Маған дауыс берген және қолдау көрсеткен адамдардың барлығына бірдей алғыс айтамын. Аталған сыйлық өзіме деген сенімділікті арттырып, өз кезегінде өте мықты бапкер болып шығу үшін жаңа серпін болды. Және "бапкер" деген атымды шығарып отырған ойыншыларыма рақмет айтамын", - дейді Конте.
Айта отырсақ, "Алтын орындық" сыйлығын ең көп иеленген Фабио Капелло екен ("Милан" командасымен екі мәрте және "Ромамен" бір рет). Сонымен қатар Марчелло Липпи («Ювентус»), Альберто Дзаккерони («Удинезе»/ «Милан»), Карло Анчелотти («Милан») және Чезаре Пранделли («Фиорентина») сынды бапкерлер де екі мәрте лайықталған екен.
сурет:eurosport.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек