«Нью-Йорк Ред Буллс» командасының шабуылшысы Тьерри Анри болашақта (ойыншы мансабымен қоштасқаннан соң) Арсеналға оралуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Ағымдағы жылдың жазында 36 жасқа келетін Анри өзін әлемдік деңгейдегі жұлдыз жасаған клубқа деген ыстық сезімін ешқашан жасырған емес.
«Ойыншы мансабымды аяқтағаннан соң да Тьерри футбол саласында қалуды қалайды. Француз ойыншысы «Арсенал» клубының оған қандай да бір қызмет ұсынатынына үміттенуде. Бір-ақ нәрсені нақты айта аламын – мен футболда қаламын. «Арсеналмен» қандай да бір байланысым болатыныма үміттенемін. Мені ойыншы ретінде көруді ұмытыңыздар. Бұл мен қолдап отырған команда ғана. Егер клубқа қайта оралу мүмкіндігі болған жағдайда, мен қуанышты болар едім. Бірақ, ол маған байланысты емес. Бұл нақты емес, әзірге тек қалау ғана. Менің «Нью-Йоркпен» әлі екі жыл уақыт келісім-шартым қалып отыр. Біткенде көре жатармыз. Сенімді түрде айтарым – «Арсеналға» оралғаныма өте қуанышты болар едім», - дейді Анри Daily Mirror-ге берген сұхбатында.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: sport-xl.net