Англия құрамасының жаңа формасы

Англия құрамасының жаңа формасы

Англия құрамасы америкалық Nike компаниясы жасап шыққан негізгі және сырт алаңда киетін формаларының комплектісін таныстырды.

Айта кетсек, өткен жылдың қыркүйек айында-ақ ағылшындық FA өзінің бұрынғы серіктесі Umbro-мен ынтымақтастықты тоқтатып, Nike-пен бес жылдық келісімшартқа отырғаны жайлы хабар тараған болатын.

Өткен аптада алдымен құраманың негізгі формасы таныстырылса, енді сырт алаңдағы формасы ұсынылды. Екі комплектіні де жуырда болатын, яғни 29 мамыр және 2 маусым күндері Ирландия мен Бразилия құрамаларына қарсы өтетін жолдастық кездесуде көре аласыздар.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: fapl.ru

Ж. FM