Мадридік «Реал» президенті Флорентино Перес өз клубының Анчелоттиді бас бапкер қызметіне тағайындауға және «Малаганың» жартылай қорғаушысы Исконы иемденуге жақын екенін растады.
Өткен маусымда ПСЖ клубымен Францияның Лига 1-ін жеңген Анчелотти «Челсиге» ауысқан Жозе Моуриньюдің орнын баспақ. Сонымен қатар, «Реал» Исконы иемденуге тағы да бір табан жақындады. Айта кетсек, аталған ойыншыға «Манчестер Сити» де асқан қызығушылық білдірген болатын.
«Қазіргі таңда бас бапкерлік қызметке байланысты Анчелоттимен келісімшарт жасалмады. Бұл ПСЖ-ның Анчелоттимен келісіп, Лоран Бланды өзінің бас бапкері етіп жариялауына байланысты».
«Иско – Испаниядағы үздік ойыншылардың бірі және клубтың техникалық құрамы оның «Мадрид» сапында өнер көрсете алатындығына толық сенеді. Исконың өзінің ауысатынына өте қуанышты екенін білемін және оның осындай шешімге келгені үшін мен де қуаныштымын».
«Егер бәрі сәтті өтсе, оны хабарлайтын боламыз. Бірақ тек бас бапкермен келісімшартқа қол қойғаннан соң», - деді Перес 20 Minutos газетіне берген сұхбатында.
Айта кетсек, Анчелоттидің «корольдік» клубқа тағайындалуын «Арсенал» асыға күтуде. Себебі «Челсидің» бұрынғы бапкері шабуылшы Гонсало Игуаиннің сатылуына қарсы емес көрінеді.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: news.sportbox.ru