Американың екі футболшысы өздері өмірден өткеннен кейін миларын дәрігерлерге қалдыратын болды, - деп хабарлайды ВВС. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Осыдан бір жыл бұрын футбол алаңынан кеткен америкалық футболшы Сидни Райс пен "Нью-Йорк Джайантс" командасының ойыншысы Стив Уэзерфорд өмірден өткеннен кейін миын зерттеуге рұқсат берді. Спортшылар мұндай әрекеттерімен өзге ойыншыларға үлгі болуды мақсат тұтқан.
"Дәрігерлер спорт жарақаттары мен мидың дегенерациялық ауруларының арасында байланыстың болуы мүмкін екенін айтып дабыл қағып отыр. 4,5 мың экс-футболшы өз мансабы барысында алған бас жарақаттарына байланысты Футболдың ұлттық лигасына шағымданған. Талап арыздары бойынша төленетін өтемақының мөлшері 1 миллиард доллар болуы мүмкін", - делінген жарияланымда.
сурет: slavs.com.ua