16 қыркүйек күні отандасымыз Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес жұдырықтасады. Қазіргі таңда қос боксшы да жекпе-жекке қызу дайындалып жатыр.
Мексикалық боксшы отандасымызға қарсы кездесуге су астында да жаттығу жасап жүр екен. Бұл жаттығу арқылы соққысын жылдамдатпақ ниетте. Канелоның ерекше жаттығуын "Only Full Fights" каналы twitter желісіндегі парақшасында жариялады.
Айта кетейік, Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena кешенінде өтеді.