Футбол тарихында жекелей ойыншыға берілетін Алтын допқа үміткерлер қатарынан алты қақпашы ғана көрінген. Тек оның біреуіне ғана бұл атақ бұйырған. Ол - Лев Яшин. Заманында футбол короліПеленіңөзіЛев Яшинге гол соқсам бүкіл арманымның орындалғаны деген.Тіпті сол бір кезең футболшылары арасындаЯшинге гол соққан футболшы еш уайымсыз зейнеткерлікке шыға беруіне боладыдеген әзіл де тараған екен. Осыдан-ақ, КСРО-дан шыққан бұл қақпашының қарымы қандай болғанын байқай берсеңіздер болады. Лев Яшинге Алтын доптыалу оңай болған жоқ. 1962 жылы Чилиде өткен әлем чемпионатында Кеңес Одағы құрамасының сәтсіздігін осы ойыншы есімімен байланыстырды. Оның атына айтылған сындардың санында да шек болмады. Нәтижесінде ұлттық құрамада ойнаудан қол үзіп қалды.Бірақ бұл ойыншының Англия футбол қауымдастығының жүзжылдығына арналған мәртебелі жолдастық кездесуде көрсеткен өнері бар абыройын қайтарғандай болды. Ол Англия құрамасына қарсы ойнайтын әлем құрамасы сапына шақыртылған еді. 1963 жылдың 23-қазанында әйгіліУэмблистадионында өткен ойындаЛев Яшинөзін шебер қақпашы ретінде танытып, талайлардың таңдайын қақтырады. Десе де әлем құрамасы 2:1 есебіменТұманды Альбионкомандасына есе жіберді. Бірақ ол екі голЛев Яшинорнына шыққанМилутин Шошкичқақпасына соғылған. Ал қақпашының керемет өнері ағылшын жанкүйерлері арасында аңызға айналып шыға келді. Осы ойыннан кейінЛев ЯшинКСРО құрамасына қайта шақырту алды. Сол жылы Еуропаның ең үздік ойыншысы атанып,Алтын допиегері атанды. 1964 жылғы Еуропа чемпионатында, араға 2 жыл сала 1966 жылы Испанияда өткен әлем чемпионатында КСРО құрамында сәтті өнер көрсете білді. 22 жыл Мәскеудің Динамо командасында қақпашы болды. 1990 жылдың 18 наурызындаЛев Яшинге Социалистік Еңбек Еріатағы берілді. Араға екі күн сала ХХ ғасырдың даңқты қақпашысы дүниеден озды. Лев Яшиннен кейін Дино Дзофф, Иво Виктор, Оливер Кан, Джанлуджи Буффон, Мануэль Нойер сынды қақпашылар Алтын доптан үміткер атанғанмен, оны иелене алған жоқ. Биылғы Алтын допқа 30 үміткер қатарында Алисон (Ливерпуль, Бразилия), Тибо Куртуа (Реал, Бельгия), Уго Льорис (Тоттенхэм, Франция), Ян Облак (Атлетико, Словения) бар. Аталған қақпашылардың үздік үштіктен көрініп, негізгі үміткер саналуы қиын. Жақсы қақпашы жарты команда демекші, футбол ойынында қақпашылардың да атқаратын рөлі айрықша. Бірақ қақпашылардың жекелей ойыншыға берілетін атаққа қол созуы да оңай емес. Сондықтан да футбол тарихындаАлтын доптан үміткер қақпашылардың саны саусақпен санарлық қана.