- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Алматыда бүгін Спорт...
Алматыда бүгін Спорт күні аталып өтілуде
Қазақстанда Спорт күні 2003 жылы 15 қазанда Қазақстан республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен әр жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде аталып өтіледі.
Ал Алматы қаласында Спорт күнінде бес орында шаралар өткізілуде. Онда Алматы қаласының спорт мектептері мен клубтарының қатысуымен әртүрлі спорт түрінде ойындар жүріп жатыр. Ойындар қазақ күресі, стритбол, кір көтеру спорты, қол күрес, артқан тартыс, сумо ойыны, workout түрлері бойынша жалғасуда. Мини-жарыстардың жеңімпаздары Алматы қаласы әкімшілігінен бағалы сыйлықтар мен сертификаттар алуда.
Мерекелік іс-шараны Алматы қаласы әкімдігі мен "Алматы универсиадасы 2017" орындаушы дирекциясы ұйымдастыруда.
Спорт күні 09:30-да басталды. Ашық аспан астындағы мереке сегіз спорттық алаңда бір күн бойы өтіп, келушілер түрлі спорт түрлеріне қатысып көре алады.
Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басқарма басшысының орынбасары Сағымбаев Найзабек Бекетұлы Алматы қаласы бойынша спортқа қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарды құттықтап, бағалы сыйлықтар мен сертификат тапсырды.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: massaget.kz
А. Құлтай