Әлемдік футбол жұлдыздары «жатғаламшарлықтармен» ойнауға дайындалуда...

«Samsung» компаниясы әлем футболының жұлдыздарының басын тоғыстырған бірінші жарнамасының жалғасын ұсынды. Компаниямен қоса соңғы шыққан смартфонын насихаттаған жарнамада Роналду мен Месси бастаған «Galaxy 11» командасы «жатғаламшарлықтардан» басым түсуге барын салып дайындалуда...

4 минут 17 секундты құрайтын жарнамада жер бетінің футболшылары мен «жатғаламшарлық» футболшылар дайындық сәтінде күш сынасады. Жер бетіндегі футбол жұлдыздарының бас бапкері Франц Беккенбауэр болса, капитан қызметін Лионель Месси атқарады. Ойынға Криштиану Роналду («Реал»), Лионель Месси («Барселона»), Радамель Фалькао («Монако»), Уэйн Руни («Манчестер Юнайтед»), Стефан Эль Шаарави («Милан»), Александр Кержаков  («Зенит») шабуылшы болып шықса, жартылай қорғаушы рөліне Марио Гетце («Бавария»), Оскар («Челси»), Виктор Мозес («Ливерпуль»), Ли Хон Йон («Болтон»), Лендон Донован («Лос Анджелес Гэлакси») түскен. Жалғыз қорғаушы болып У Лейс  («Шанхай Телейес») ойнаса, қақпаны Икер Касильяс («Реал») қорғайды. 

Жылына жарнама үшін ең көп қаржы жұмсайтын оңтүстік кореялық компания бұл жарнаманың басын 2013 жылдың соңына қарай түсірген болатын. Ала допты ұршықша иірген футболшылардан құралған «Galaxy 11» командасын құру үшін «Samsung» аз шығындалды деп айта алмаймыз. Сонда да сапалы жасалған дүние компанияны танымалдылыққа ұмтылдыра білді.

Команда жасақтау. 2013 жыл. 17 желтоқсан

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/EC-zB2aSXXM","width":"450","height":"338"});

Дайындық. 2014 жыл. 13 мамыр

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/YW1yZPflIXY","width":"450","height":"338"});

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru