Біз бәріміз ғажайыпқа сенеміз. Өміріңізде бір рет болсын "сәттіліктен" басқа ештеңемен түсіндіруге келмейтін керемет оқиғалар болған шығар. Біз әңгімелегелі отырған адамдар әлемдегі ең жолы болғыш адамдар саналады.
Метеориттен қашқан жігіт
Норвегиялық Андерс Хелстрап – жердегі ең бақытты он адамның бірі. Себебі ол ажалдан қашып құтылған жігіт. Андерс әуе әскерінде қызмет еткендіктен, жаттығу кезінде парашютпен жиі секіреді. Сондай жаттығулардың бірінде ол аспаннан ұшып келе жатқан белгісіз затты байқайды. Парашютін бұрып қашқан жігіт, ізінен келе жатқан метеоритті де суретке түсіріп үлгерген.
Лотереялардың жеңімпазы
Америкалық Джоан Гинтер осы уақытқа дейін лотереядан миллиондаған долларды жиі-жиі ұтып алды. Ол ұтқан ең үлкен сома – 10 миллион доллар. Бұл қомақты ұтысы 2008 жылы шыққан. Ол әлі күнге дейін түрлі лотереяларға қатысады және сатып алған билеттердің бір бөлігін достары мен туыстарына береді.
Нитирэн
Нитирэн – сю мектебін құрған жапон монахы. Ол тарихтағы діни тұлға ретінде ғана емес, әлемдегі ең жолы болғыш адамдардың бірі ретінде де танымал. Үкімет Нитиреннің ілімі қоғамға зиян тигізуі мүмкін деп санап, оның басын кесу арқылы өлім жазасын тағайындауға шешім қабылдайды. Жазаны орындау кезінде жендетке найзағай түседі. Осылай өлім жазасынан құтылған монахты үкімет алыс аралға жер аударады. Монах қартайғанша өмір сүрді, діні кең таралып, көсемге айналды.
Маартен де Йонг
Голландиялық велошабандоз Маартен де Йонг – ажалдан екі рет құтылған жолы болғыш жандардың бірі. 2014 жылы ол апатқа ұшырап, ұшты-күйлі жоғалған MH-370 ұшағына билет алады, бірақ белгілі бір себептермен кешігіп қалады. Біраз уақыттан кейін ол басқа рейске билет алды, бірақ билеттің арзан нұсқасын тапқан кезде оны ауыстыруға шешім қабылдайды. Ал ол ұшуы керек болған екінші ұшақ Украина аспанында апатқа ұшыраған.
Цутому Ямагути
Тарихтағы ең жолы болғыш адамдардың бірі – Цутому Ямагути. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол Mitsubishi компаниясының қызметкері ретінде бүкіл әлемді аралайды. Цутому 1945 жылы Хиросимаға барғанда атом бомбасы қалаға түседі. Ол түрлі жарақаттар алып, аман қалып, Нагасахике барады. Көп өтпей бұл қалаға да атом бомбасы түседі. Жолы болғыш Цутому бұдан да аман қалады. Сөйтіп ол 93 жасында қартайып қайтыс болған.