Әлемдегі ең жас сноубордшының жасы бірде екен. Ата-анасы жүргеніне енді ғана 4 апта толған 14 айлық баласын сноубордқа талпындырып, сырғанауды үйреткен. Ал баласы болса, екі аяғын тік ұстап, еш қорықпастан сырғанай жөнелген. Сноубордты жанындай жақсы көретін Зах пен Кэти есімді ерлі-зайыпты енді ғана тәй-тәй басқан қызын ең бірінші рет 13 айлығында талпындырыпты.
Кэтидің айтуынша, олардың сноуборд таңдауда біраз қиындықтары туындапты. Ол мінген сноуборд дүкендегі ең кішкентайы болса да, олар оның аяғының мөлшеріне қарай әлі кішірейтулері керек екен.
Міне осындай ерте жастан спортқа келген жас бүлдіршіндерден елінің намысын қорғайтын нағыз чемпиондар шықпасына кім кепіл?!