- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Әлем чемпионатының ең...
Әлем чемпионатының ең үздік жас футболшысы 13 минутта покер жасады
Футболдан Франция чемпионатының ІХ тур ойындарында ПСЖ өз алаңында "Лионды" 5:0 есебімен ойсырата ұтты. Ойында 2018 жылғы әлем чемпионатының ең үздік жас футболшысы Килиан Мбаппе покер жасады.
Франция құрамасының сұрмергені төрт голды 13 минутта соқты. Ал бір голды Неймар пенальтиден соғып, өз еншісіне жазды.
Кездесуді екі команда да 10 ойыншымен аяқтады. 32 минутта париждік клуб сапынан Преснел Кимпембе қызыл қағаз алса, бірінші тайм аяқталар тұста "Лион" сапынан Лука Тусар алаңнан қуылды.
Жаңа маусымдағы 9 ойында да жеңіске жеткен ПСЖ Франция чемпионатында 27 ұпаймен көш бастап келеді. Екінші орында тұрған "Лилльден" 8 ұпайға озып үлгерді.
Айта кетейік, Килиан Мбаппе 21 жасқа дейінгі жас футболшыларға берілетін "Golden Boy" сыйлығына басты үміткерлердің бірі. Футболшы өткен жылы да осы марапатқа ие болған.
О. Сансызбай