- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Алаңда жаураған бала...
Алаңда жаураған бала Силвадан сыйлық алды
Француздық "ПСЖ" футбол клубының қорғаушысы Тьяго Силва өзінің сырт киімін беру арқылы кішкентай балаға жылу сыйлады.
"Лион" мен "ПСЖ" арасындағы ойында Бразилия құрамасының қорғаушысы, футбол басталмай жатып алаңға алып шыққан жеткіншектің тоңып тұрғанын байқап, өзінің спорт киімін шешіп берді.
Ал ойынның нәтижесі тең есеппен аяқталды (1:1). "Лион" командасынан Клинтон Нджий мергендік танытса, "ПСЖ" сапынан Златан Ибрагимович қарсыластың қақпасын тура көздей алды.
Сурет: smotrisport.tv
Оқи отырыңыз:
Ажалы Мессиді көруге жеткізбеді
Футболдан Испания чемпионаты уақытша тоқтап қалуы мүмкін
Тотти Роналдуға пародия жасады
B. ZHAQSYMBET