Оңтүстік Африкада серфингтен өткен сайыста Аустралиядан келген 34 жастағы спортшы ажалмен бетпе-бет кездескен. Мик Фэннингке күтпеген жерден акула шабуыл жасаған. Мик құтқарушылар келгенше акуланы аяқ-қолымен ұрғылап, әрекет еткен. Суда толқынды күтіп жатқан спортшы акуланы көрмесе де, бірдеңені сезген. Судың қатты дыбысын естігенде барып акуланы байқаған. Егер сол секундтарда спортшы өзі әрекет етпегенде, бұның соңы қайғылы оқиғаға ұласуы әбден мүмкін еді.