- Негізгі бет
- Бұл қызық
- "Ақтөбе" ойыншысы "Ордабасы"...
"Ақтөбе" ойыншысы "Ордабасы" қақпасына алаң ортасынан гол соқты
Бүгін футболдан ел премьер-лигасының ІV турындағы төрт ойын өтті. Алматыдағы "Жас қыран" алаңында болған ойында "Ақтөбе" ойыншысы Игорь Сергеев "Ордабасы" командасы қақпасына алаң ортасынан гол соқты.
"Ақтөбе" мен "Ордабасы" арасындағы ойын 4:4 есебімен тең аяқталды. Шымкенттік команда төрт рет есепте алға шыққанмен, жеңісті уысында сақтап қала алмады.
V турда "Ақтөбе" сырт алаңда "Қызылжармен", ал ертесіне "Ордабасы" өз алаңында "Астанамен" кездеседі.
Бүгін өткен ойын өзге ойындар нәтижесі төмендегідей:
"Ақтөбе" — "Ордабасы" 4:4 (2:2)
Гол соққандар: Ерланов 12 (0:1), Сергеев 27 (1:1), Жоао Пауло (1:2), Нургалиев 43 (2:2), Жоао Пауло с пенальти 74 (2:3), Нурмугамет 86 (3:3), Хижниченко 90+2 (3:4), Йерабек 90+4 (4:4).
"Қайсар" — "Каспий" 2:1 (0:1)
Гол соққандар: Мингазов 26 (0:1), Лаукжемис 47 (1:1), Абзалов 81 (2:1)
"Ақжайық" — "Қызыл-Жар СК" 0:1 (0:0)
Гол соққан: Абдрахманов автогол 47 (0:1)
Алаңнан қуылды: Алмейда 84
"Тараз" — "Шахтер" 4:0 (2:0)
Гол соққандар: Обилор 20 (1:0), Обилор 44 (2:0), Педро Эуженио (3:0), Адамович 90+2 (4:0).