Қазақстандық «Ақтөбе» және армениялық «Гандзасар» футбол клубтары арасындағы Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінің қарымта кездесу ойыны 2-1 есебімен аяқталды. Жалпы есепте отандық футбол клубы 4-2 есебімен қарсыластан айласын асырды.
Матчтың бірінші минутында-ақ еліміздің командасы белсенді түрде Марат Хайрулиннің Тимур Кападзеге берген пасынан соң гол соғылды. Ал 34 минутта қарсылас команданың капитаны Нарек Бегларян есепті теңестірген. Екінші таймның 55 минутында Кападзе дубль жасады. Сонымен есеп 2-1. Отандық клубтың пайдасына шешілді. Бұл жеңіс Қазақстанның футболдағы жеңісті күні болып саналып отыр. Себебі дәл осы ойыннан бұрын «Ертіс» командасы болгариялық «Левски» командасын 2-0 есебімен тізе бүктірген еді.
Расында да, букмекерлер УЕФА рейтингінде "Гандзасар" "Ақтөбеден" 85 сатыға артта және басқа да себептермен еліміздің клубына жеңіс бұйырады деп болжаған болатын.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: diapazon.kz