Англия кәсіби футболшылар қауымдастығы (PFA) мәресіне жақындап келе жатқан маусымның ең үздік футболшысы атануға үмітті алты футболшының есімін жариялады.
Маусымның үздік футболшысы атағына Златан Ибрагимович ("Манчестер Юнайтед"), Харри Кейн ("Тоттенхэм"), Ромелу Лукаку ("Эвертон"), Алексис Санчес ("Арсенал"), Эден Азар ("Челси") мен Нголо Канте ("Челси") үмітті. Оларды 100-ге жуық команданың жетекшілері таңдаған. Үздік шыққанына берілетін марапат 23 сәуір күні өтетін арнайы кеште табысталады.
Маусымдағы үздік жас футболшы атағына үміттілер де анықталды. Олардың қатарында "Тоттенхэмнен" - Деле Алли мен Хари Кейн, "Бернлиден" - Майкл Кин, "Эвертоннан" - Ромелу Лукаку, "Сандерлендтен" - Джордан Пикфорд, "Манчестер Ситиден" Лерой Сане бар.
Айта кетейік, өткен маусымда ағылшын прмеьер-лигасының үздік футболшысы болып "Лестер" ойыншысы Рияд Марез танылған еді.